Сервис звонка с сайта RedConnect
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан автожанармай құю желісі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің түсініктемесі негізінде

02.04.2019
Микрокредиттер беру бойынша қызмет

 

2016 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының аумағында микрокредиттік ұйымдар өз қызметтерін жүзеге асырды, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан бақылау мен қадағалауда болған жоқ.

2012 жылғы желтоқсанда «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы (бұдан әрі – МҚҰ туралы заң) қолданысқа енді, осыған сәйкес, коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарды қоспағанда микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуге жатқызылған. Микрокредиттік ұйым қайта тіркелуі немесе микроқаржы ұйымына өзгертілуі мүмкін болатын. Аталған талаптарды сақтамаған жағдайда микрокредиттік ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға немесе таратуға жатқызылған.

Бүгінгі таңда микрокредит беру бойынша қызметті микроқаржы ұйымдары ғана жүзеге асыруға құқылы, оған коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми

мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ осы Заңмен рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

Микроқаржы ұйымының атауы міндетті түрде «микроқаржы ұйымы» деген сөзден тұруы қажет немесе «МҚҰ» аббревиатурасын пайдалану арқылы оның атауының қысқартылуына жол беріледі.

Микроқаржы ұйымы ретінде тіркелмеген заңды тұлға «микроқаржы ұйымы» сөзін, оның микрокредит беру бойынша қызметті жүзеге асыруын болжайтын одан шығатын сөздерді немесе «МҚҰ» аббревиатурасын өз атауында пайдалануға құқығы жоқ.

Микроқаржы ұйымы бір қарыз алушыға оның жоғарғы органмен бекітілген микрокредит беру қағидалары болған кезде ғана айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді.

Заключение договора о предоставлении микрокредита

Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті.

Микрокредит берумен байланысты комиссияны, сыйақыны және өзге де төлемдерді микроқаржы ұйымы микрокредит берілгеннен кейін немесе оны беру кезінде алады.

Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес. Сонымен қатар кез келген валютаның баламасына байланыстырылып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді.

Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыздан аспауы қажет.

Микроқаржы ұйымы микрокредиттерді беру қағидаларын көруі және танысуы үшін қолжетімді жерде, оның ішінде микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында (ол болған кезде) орналастыруы қажет. Өтініш берушіге микрокредитті алуға, оған қызмет көрсетуге және оны өтеуге (қайтаруға) байланысты төлемдер туралы толық және анық ақпарат ұсынылуы қажет.

Микрокредит беру туралы шартты жасасқанға дейін өтініш берушіге микрокредитті өтеу әдісімен танысу және оны таңдау үшін түрлі әдістермен есептелген өтеу кестелерінің жобаларын беруге міндетті:

1) сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;

2) аннуитеттік төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешектерді өтеу негізгі борыш бойынша ұлғайтылып отыратын төлемдерді және негізгі борыштың қалдығы кезеңіне есептелген сыйақы бойынша азайтылып отыратын төлемдерді қамтитын микрокредиттің бүкіл мерзімі ішінде тең төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлем мөлшерлері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін.

Қарыз алушыларға микроқаржы ұйымдарының микрокредиттерді беру туралы шарттарды тиісінше орындамағаны бойынша талап қою мерзімдерінің ескіру мерзімі бес жылды құрайды.


Читайте также

Сайтты әзірлеуші Mstudio / 2019
Кері
қоңырау