Шығыс Қазақстан автожанармай құю желісі
Басты бет

LNP Club Bonus бағдарламасы

LNP клубына қосылыңыз және LNP жанар-жағар май станцияларында дүкендердегі жанармай мен тауарды сатып алу үшін бонустар алыңыз!

LNP Club бонустық бағдарламасының шарттары

LNP Club бонустық бағдарламасы ЛНП ЖМС барлық желісінде қолданылады.
Сіз отын және АЖС жанындағы дүкендерден тауарлар сатып алған кезде бонустар ала аласыз.
Жиналған бонустармен Сіз отынға және АЖС жанындағы дүкендерде кез-келген тауарларға (темекі өнімдерін қоспағанда) жартылай немесе толық мөлшерде төлем жасай аласыз.

Бағдарлама жеке автокөлік иелері үшін қолданылады және жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Сатып алуды ресімдеу барысында кассалық чекті бергенге дейін АЖС кассиріне бонустық картаны ұсыну қажет. Бонустарды есептеу қолма-қол ақша қаражатымен немесе банк картасымен төлеу кезінде жүргізіледі. Бонустарды есептеген кезде математикалық ережелерге сай бонустардың сомасын дөңгелектеу жүргізіледі.

АЖС сатып алынған тауар үшін бонустық картаға есептелген бонустар есептелгеннен кейін бірден шығындау үшін қол жетімді.

Есептелетін бонустардың мөлшері өткен айда АЖС сатып алынған сауда сомасына сай берілетін бонустық картаның мәртебесіне байланысты.

Темекі өнімдерін сатып алу кезінде бонустарға есептеу жүргізілмейді

Жиналған бонустарға АЖС отын мен тауарларды сатып алған кезде осы сомаға бонустар есептелмейді. Бонустармен төленген тауардың құны сатып алудың жалпы сомасына қосылмайды.

Тауарды жартылай/толық қайтарған жағдайда, қайтарылған тауардың сомасына бұрын есептелген бонустар сомасы жойылады. Бонустар тауарды нақты сатып алынған сомаға есептеледі.

* Карта иесінің сауалнамасында көрсетілген туған күні бонустарды есептеу пайызы: ЖЖМ-да 5%, ТНП-да 10% құрайды.

* Мерекелік бонустардың шарттары компанияның қалауы бойынша өзгеруі мүмкін

LNP Club бонустық бағдарламасында «Қола», «Күміс» және «Алтын» бонустарын есептеудің пайыздық мөлшерлемелеріне сәйкес келетін бонустық картаның 3 статусы берілген. Статус әр айдың басында өткен айда АЖС отын мен тауарларды сатып алу сомасына байланысты автоматты түрде өзгереді.

Статустың атауы

АЖС отын және тауарларды сатып алу сомасы, теңге

Сатып алудан есептелінетін бонустардың мөлшері, %

ЖЖМ

ТНП

Қола

19999 теңгеге дейін

2 теңге/литр

3

Күміс

20000 теңгеден 39999 теңгеге дейін

3 теңге/литр

5

Алтын

40000 теңгеден жоғары

4 теңге/литр

7

Жаңа қатысушыларға автоматты түрде «Қола» статусы беріледі.

Сіз отын сатып алу үшін, немесе ЛНП АЖС желісінде тауарлар сатып алу үшін жинақталған бонустар сомасына 1 бонус = 1 теңге есебімен жеңілдік аласыз.

Жиналған бонустарды жұмсау үшін, Сізге АЖС кассиріне сатып алуды рәсімдеу алдында бонустық картаны ұсынуыңыз қажет. Сатып алынған тауарлар үшін Сіз бонустармен жартылай төлем жүргізе аласыз.

LNP Club бонустық картасындағы жинақтың сома 60000 теңгеден аспауы тиіс. Жиналған бонустарды Сіз соңғы жасаған операцияңыздан кейін 1 (бір) жыл ішінде жұмсай аласыз.

Егер Сіз бір жыл бойы LNP Club бонустық картасын пайдаланбасаңыз, онда жинаған бонустарыңыз автоматты түрде жойылады.

Жиналған бонустарды екі жолмен тексеруге болады:

1. Сіз бонустық картаны АЖС кассиріне ұсына отырып, біле аласыз

2. Біздің сайтта www.lnp.kz -жеке кабинеттен көресіз.

Қосымша шарттар:

* LNP Club бонустық бағдарламасына қатыса отырып Сіз, осы бағдарламаға қатысудың жоғарыда көрсетілген шарттарымен танысқаныңызды және олармен келісетініңізді растайсыз.

* LNP Club бонустық картасы жоғалған немесе ұрланған жағдайда, Сізге картаңызды блоққа қою қажет. Ол үшін қалаңыздағы Абоненттік бөлімге баруыңыз керек, не болмаса www.lnp.kz сайтындағы Жеке кабинетіңізде блоққа қоя аласыз. Жазбаша өтініш негізінде бонустық теңгерім, карта статусы және сатып алу тарихы жаңа картаға көшірілуі мүмкін. Картаны ауыстыру құны 500 теңге.

* Компания LNP Club бонустық бағдарламасының қатысушыларына компанияның ресми сайтында 14 (он төрт) күнтізбелік күннен кешіктірмей тиісті ақпаратты орналастыру арқылы міндетті түрде хабарлай отырып, бонустардың мөлшері мен шарттарын өзгертуге құқығы бар.
* Компания заңсыз есептелген бонустарды жоюға құқығы бар.




Сайтты әзірлеуші Mstudio / 2018
Кері
қоңырау